2016 жылғы 19 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 62 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 43-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 ақпандағы №90 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 4 ақпандағы № 62 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (ІІ кезең)
Р/с № Атауы Өлшем бірлігі Аяқтау нысаны Орындалу мерзімі Орындауға жауаптылар Оның ішінде жылдар бойынша Қаржыландыру көздері Бюджеттік бағдарламаның коды
2014 жыл 2015 жыл 2016 жыл барлығы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Мақсаты: Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы
Нысаналы индикаторлар
мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі % МСМ, ЖАО 71 75 80
мемлекеттік тілді В-1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі % БҒМ 65 68 70
Міндет:
1. Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау
Нәтижелер көрсеткіші
онлайн режимінде қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесі % МСМ 20 30 50
Іс-шара
1 Онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру жыл сайынғы семинарлар 2014-2016 жылдар МСМ, Атырау, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана қаласының әкімдіктері 1,7 2,2 2,5 6,4 ЖБ
Міндет:
2. Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту
Нәтижелер көрсеткіші:
мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқытылатын болашақ қазақ тілі пәні оқытушыларының саны адам БҒМ 500 500 500
Іс-шара
2 Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде болашақ қазақ тілі оқытушыларын оқыту жыл сайынғы грант 2014-2016 жылдар БҒМ 241,6 2872,6 - 3114,2 РБ 225020
3 «Қазтест» бағдарламасы негізінде білім деңгейін жыл сайынғы бақылау жүйесін енгізу семинарлар, тестілеуді өткізу 2014-2016 жылдар БҒМ 53,4 49,9 55,2 158,5 РБ 225020
Міндет:
3. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру
Нәтижелер көрсеткіштері:
мемлекеттік тілді оқитындар санының өсуі % МСМ 30 50 70
«Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі % МСМ, БҒМ 6
(В1 деңгейінде)
-
(С1 деңгейінде) 12
(В деңгейінде)
1
(С1 деңгейінде) 20
(В1 деңгейінде)
5
(С1 деңгейінде)
«Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі % МСМ, БҒМ 2
(В1 деңгейінде)
–
(С1 деңгейінде) 6
(В1 деңгейінде)
2
(С1 деңгейінде) 10
(В1 деңгейінде)
5
(С1 деңгейінде)
Іс-шара
4 Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметкерлері үшін «Қазтест» қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша тестілеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету диагностикалық тестілеу 2016 жыл МСМ, МО, ҰК талап етілмейді
5 Тілдерді деңгейлеп меңгерудің халықаралық стандарты негізінде «Балабақша – мектеп –колледж – жоғары оқу орны» мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу жұмыстарын жалғастыру. Жоғары және жалпы орта білім беру ұйымдарының оқу процесінің пәндер компонентіне «Абайтану» және «Алаштану» таңдау бойынша курстарын енгізу курстар өткізу 2014-2016 жылдар БҒМ талап етілмейді
6 Қазақ тілін үйрену үшін барлық тұлғаларға мемлекеттік қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін тілдерді оқытудың мемлекеттік орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастыру мемлекеттік тілді үйрету курстарын ұйымдастыру 2014-2016 жылдар МО, облыстық әкімдіктер: (Оңтүстік Қазақстан облысынан басқа) ҰК, ҮЕҰ 366,3 286,6 244,1 897 ЖБ
7 Қазақ және ағылшын тілдерін қарқынды оқыту жөніндегі интерактивті оқыту жүйелерін, инновациялық-әдістемелік бейнесабақтар, оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, публицистикалық әдебиеттер, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға суреттермен безендірілген дыбысты кітаптар, көрнекі құралдар, қазақ тіліндегі аудиокітаптар (СD тасығышта), компакт-дискілердегі әдебиеттер, 3D элементтері бар қазақ, орыс, ағылшын тіліне оқытатын анимациялық бейнефильмдер (DVD дискілерде) әзірлеу және шығару инновациялық-әдістемелік құралдар, кітаптар, сөздіктер анимациялық фильмдер және тағы басқа әдістемелік құралдарды әзірлеу және шығару 2014-2016 жылдар МСМ, ҮЕҰ 152,6 272,1 216,6 641,3 РБ 240021
8 Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, барынша жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыратын мамандарды ынталандыру іс-шараларын жүргізу жыл сайынғы семинар-тренинг 2014-2016 жылдар МСМ, ҮЕҰ 5,2 3,4 - 8,6 РБ 240 021
9 Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері ана тілін меңгеруі үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету жыл сайынғы кіші құрылтай мен халық аралық өнер фестивалі және тағы басқалар 2014-2016 жылдар МСМ,
СІМ 28,8 21,7 21,7 72,2 РБ 240 021
10 Шетелде тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізу жыл сайынғы әлеуметтік және талдамалық зерттеу 2014-2016 жылдар МСМ,
СІМ 3,6 2,2 2,2 8,0 РБ 240 001
Мақсаты: Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу
Нысаналы индикатор
мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі % ИДМ 53 60 62
Міндет:
1. Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру
Нәтижелер көрсеткіштері:
мемлекеттік БАҚ эфиріндегі мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жобалар санының өсуі % ИДМ 10 10 10
мемлекеттік тілде шығатын баспа БАҚ-ты қолдауға бағытталған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі % ИДМ 50 50 50
Іс-шара
11 Мәртебелі тұлғаларды және қазақ тілінде сөйлейтін этностардың танымал отбасыларын, шетелде тұратын отандастарды тарта отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бірлескен акциялары арқылы PR технологиясы бойынша мемлекеттік тілді көпшілікке танымал ету жұмыстарын ұйымдастыру акциялар, флешмобтар және тағы басқаларды өткізу 2014-2016 жылдар МСМ, БҒМ, ЖАО, «Нұр Отан»
партиясы, МТДҚ талап етілмейді
12 Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының тілдерін теле-, радиобағдарламалар мен мерзімді баспа басылымдары, соның ішінде балалар мен жастарға арналған мемлекеттік тілдегі контентті БАҚ-та кеңейту арқылы дамыту және насихаттау теле-, радио-бағдарламалар беру, мерзімді баспа басы-лымдарында мақалалар жариялау 2014-2016 жылдар ИДМ 1600,0 1600,0 1600,0 4800,0 РБ 242031
13 Қазақтілді БАҚ-қа қазақ тіліндегі интернет-ресурстарға мемлекеттік қолдау жүйесі арқылы жүйелі қолдау көрсету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру атқарылған жұмыс туралы ақпарат 2014-2016 жылдар ИДМ талап етілмейді
Міндет:
2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру
Нәтижелер көрсеткіші
мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі % МСМ 10 10 10
Іс-шара
14 Халық арасында мемлекеттік тілді көпшілікке танымал ету және жеке субъектілердің іс жүргізуін мемлекеттік тілге көшіруді жеделдету мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдық қозғалыстарды, бірлескен акциялар мен жобаларды ұйымдастыру және өткізу кезінде қазақ тілін насихаттау акциялар, қоғамдық қозғалыс
тар және тағы басқа
ларды өткізу 2014-2016 жылдар МСМ,
МО,
«Нұр Отан»
партиясы, МТДҚ,
ҰК, ҮЕҰ талап етілмейді
15 Өңірлік алшақтықтарды еңсеру мақсатында мемлекеттік тілдің бірыңғай коммуникативтік кеңістігін қалыптастыру үшін орыстілді азаматтар арасында мемлекеттік тілді көпшілікке танымал ету жөніндегі «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» іс-шаралар кешенін ұйымдастыру кездесу, «дөңгелек үстел», пікірталастар өткізу 2014-2016 жылдар МСМ, ЖАО, ҰК,ҮЕҰ 16,8 8,9 - 25,7 РБ 240
021
16 Фильмдерді мемлекеттік тілде дубляждауды қамтамасыз етуге мемлекеттік қолдау көрсету мемлекеттік тілде дубляждалған фильмдер туралы ақпарат 2014-2016 жылдар МСМ 38,0 38,0 38,0 114,0 РБ 240 011
17 Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізу жыл сайынғы әлеуметтік және талдамалық зерттеу 2014-2016 жылдар МСМ 22,9 14 13,3 50,2 РБ 240 001
18 Әлемдік көркем, публицистикалық, ғылыми әдебиеттерді мемлекеттік тілге аударуды, басып шығаруды, энциклопедиялық әдебиеттерді (технологиялық және өндірістік оқу бағдарламалары бойынша) әзірлеуді және шығаруды ұйымдастыру мемлекеттік тілге аударылған әлемдік көркем, публицистикалық, ғылыми әдебиеттерді шығару 2014-2016 жылдар МСМ 521,9 103,2 - 625,1 РБ 240 021
19 Электрондық үкімет шеңберінде электрондық қызметтер көрсетудің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуын кеңейтуді қамтамасыз ету мемлекеттік тілде көрсетілетін электронды қызмет туралы ақпарат 2014-2016 жылдар ИДМ, МО, ЖАО талап етілмейді
20 Мәдениет ұйымдарының (театр, кино, кітапхана және т.б.) репертуарын қазақ тіліндегі жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру репертуарлардың толықтырылуы туралы ақпарат 2014-2016 жылдар МСМ,
ЖАО талап етілмейді
21 Бұқаралық мәдени, спорт және өзге де қоғамдық шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ету жыл сайынғы ақпарат 2014-2016 жылдар МО,
ЖАО талап етілмейді
22 Халықаралық қызметте мемлекеттік тілді қолдануды қамтамасыз ету жыл сайынғы ақпарат 2014-2016 жылдар СІМ, МО талап етілмейді
Мақсаты: Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті
Нысаналы индикаторлар
тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі % МСМ 60 70 75
қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі % МСМ 20 40 60
Міндет:
1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу
Нәтижелер көрсеткіші
көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі % МСМ 30 35 50
Іс-шара
23 Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың жұмысын жетілдіру, тілдік тарихи мұраны жаңғырту, терминтану мен терминография жөніндегі арнайы жұмыстарды жүргізу комиссиялар, семинарлар және тағы басқаларды өткізу 2014-2016 жылдар МСМ 16,1 9,4 37,2 62,7 РБ 240 021
24 Ономастика және терминология жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қоғам институттарын және БАҚ-ты тарту азаматтық қоғам институт тарын және БАҚ-ты тарту туралы ақпарат 2014-2016 жылдар МСМ талап етілмейді
25 Қазақстан Республикасының ономастикалық атауларын ретке келтіру бойынша жұмысты жетілдіру семинар, дөңгелек үстелдер және тағы басқалар 2014-2016 жылдар МСМ 10,0 3,7
3,7 5,0 18,7 РБ 240
021
Міндет:
2. Тіл мәдениетін жетілдіру
Нәтижелер көрсеткіші:
терминологиялық комиссия бекіткен терминдердің саны бір-лік МСМ 9 000 12000 18000
Іс-шара
26 Жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде таңдау бойынша пәндер компонентіне «Ономастика теориясы және практикасы» курстарын енгізу курстар өткізу 2014-2016 жылдар БҒМ талап етілмейді
27 Мемлекеттік тілде мемлекеттік топографиялық карталарды жасау, географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын дайындау, жаңарту және басып шығару мемлекеттік топографиялық карта, мемлекеттік каталог 2014-2016 жылдар ҰЭМ 458,2 259,1 19,8 737,1 РБ 243 083 101
28 Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың бюллетеньдерін шығару «Терминологиялық хабаршы», «Ономастикалық хабаршы» бюллетеньдері 2014-2016 жылдар МСМ 3,5 3,5 3,4 10,4 РБ 240 021
29 Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру бойынша ұсыныстар енгізу жыл сайынғы ақпарат 2014-2016 жылдар БҒМ талап етілмейді
30 Сөйлеу мәдениетінің сақталуы бойынша іс-шаралар кешенін насихаттауды және өткізуді қамтамасыз ету конференциялар, семинарлар, форумдар, байқау және тағы басқалар 2014-2016 жылдар МСМ, МО * РБ 240021
31 Терминология, ономастика, мәселелері бойынша республикалық (өңірлік) ғылыми-теориялық семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», конференцияларды, ежелгі түркі және қазақ жазуы күндерін өткізу жыл сайынғы семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», конфер-енциялар 2014-2016 жылдар МСМ, БҒМ, МО 22,5 16,9 14 53,4 РБ 240 021
32 Қазақ тілін дамыту мәселелері бойынша журнал, альманахтар басып шығаруды қамтамасыз ету жыл сайынғы «Балапан әлемі», «Тіл және қоғам» журнал дары және тағы басқалар 2014-2016 жылдар МСМ 21,2 25,7 24 70,9 РБ 240 021
33 Жыршы-термешілер конкурстарын, пікірталастар, мүшәйра және ақындар айтысын, жыл сайынғы жыршы 2014-2016 жылдар МСМ 22,2 14,7 13,9 50,8 РБ 240 021
сондай-ақ «Мемлекеттік тіл және БАҚ» конкурсын өткізу термешілер конкурсы және тағы басқалар
Мақсаты: Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту
Нысаналы индикаторлар
республикадағы орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі % МСМ, ЖАО 86 86 88
этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесі % МСМ, ЖАО 60 65 70
республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі МСМ, ЖАО 10 16,8 22
республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі % МСМ, ЖАО 10 15,5 17
Міндеттер:
1. Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі
2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау
Нәтижелер көрсеткіші
қазақ және ана тілдерін үйрету бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бірлестіктері бар этностардың үлесі % МСМ, ЖАО 20 45 60
Іс-шара
34 Республикалық этно-мәдени бірлестіктердегі жексенбілік мектептер арқылы этнос тілдерін және мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруға мемлекеттік қолдау көрсету және аталған мектептердің қызметін әдістемелік жағынан қамтамасыз ету мемлекеттік тілді және этностардың ана тілдерін үйрету курстары, әдістемелік құралдар 2014-2016 жылдар МСМ 69,8 60,8 49,8 180,4 РБ 240 021
35 Қазақстанның шекара маңы өңірлерінде және этникалық топтар жинақы шоғырланған өңірлерде тілдік ахуалды зерделеу бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізу жыл сайынғы әлеуметтік және талдамалық зерттеу 2014-2016 жылдар МСМ 9,0 5,4 5,0 19,4 РБ 240 001
36 «Қазақстан халқы тілдері күні» және «Славян жазуы күндерін» мерекелеу аясында республикалық конкурстар, семинар-тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстарын өткізу фестивальсеминар-тренингтер, «дөңгелек үстел» және тағы басқалар 2014-2016 жылдар МСМ, МО 27 26,5 28,7 82,2 РБ 240 021
Міндет:
3. Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену
Нәтижелер көрсеткіші
орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тілдерін үйрету бойынша қызметін көрсететін мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының үлесі % МСМ, ЖАО 50 55 75
Іс-шара
37 Тілдерді оқыту жөніндегі мемлекеттік орталықтарда ағылшын және басқа да шет тілдерін оқыту курстарын ұлғайту ағылшын тілі курстары 2014-2016 жылдар МО, облыстық, қалалық әкімдіктер (Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан басқа) 57,2 106,4 67,6 231,2 ЖБ
38 Үш тілде білім беретін мектептер үшін жаратылыстану-математика пәндерінің оқытушыларын даярлауды қамтамасыз ету арнайы курстар 2014-2016 жылдар БҒМ 572,9 797,6 - 1370,5 225 020
39 Үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған іс-шараларды өткізу жыл сайынғы олимпиада, конкурс 2014-2016 жылдар МСМ, МО 2,2 2,2 1,7 6,1 РБ 240 021
40 Ұлтаралық және конфессияаралық келісімге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатын жария ету, мемлекеттік тілді үйрету бойынша тұрақты айдарды енгізу жыл сайынғы ақпарат 2014-2016 жылдар ИДМ талап етілмейді
Барлығы 4344,6 6606,7 2463,7 13415,0 МБ
3919,4 6211,5 2149,5 12280,4 РБ
425,2 395,2 314,2 1134,6 ЖБ
*Тармақ үнемдеу есебінен орындалады.
* Барлық бюджет деңгейлері бойынша шығыстар көлемі тиісті жылға арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы заңына және жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес айқындалады (нақтыланады).
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МБ – мемлекеттік бюджет
РБ – республикалық бюджет
ЖБ – жергілікті бюджет
МО – мемлекеттік органдар
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ШҚО – Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
БҚО – Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
СҚО – Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
МТДҚ – Мемлекеттік тілді дамыту қоры
ҰК – ұлттық компаниялар
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары